- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Спорт жаңалықтары
Әмір Омарханов Мексикадағы турнирдің жартылай финалына шықты
Фото:
Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның 18 жасқа дейінгілер арасында бірінші ракеткасы, жасөспірімдердің әлемдік рейтингісінде 19-орында тұрған Әмір Омарханов бірінші санаттағы Мерида (Мексика) ITF Juniors J500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші ширек финалда жасөспірімдер арасында әлемнің 49-ракеткасы, америкалық Бенджамин Вилаерттің мысын басты.
Екі сет те 6:3, 6:3 есебімен Әмірдің пайдасына шешілді.
Әмір финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 28-ракеткасы, франциялық Томас Фурелмен таласады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан