18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстанның бірінші, әлемнің 15-ракеткасы Әмір Омарханов Бейжіңде өтіп жатқан ITF Juniors J300 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші 1/4 финалда қытайлық Тайпей өкілі Куан-Чоу Ченді (79 ITF Juniors) 6:3, 6:2 есебімен жеңді.
Әмір Омарханов енді жартылай финалда сербиялық Ожен Миличпен (56 ITF Juniors) кездеседі.
Ал тағы бір қазақстандық жасөспірім теннисші Заңғар Нұрланұлы Ферғанадағы (Өзбекстан) ITF Juniors J200 санатындағы турнирдің финалисі атанды.
16 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы Азияның екінші ракеткасы Заңғар Нұрланұлы (190 ITF Juniors) жартылай финалда жарыстың екінші ракеткасы ресейлік Дмитрий Бессоновты (114 ITF Juniors) 7:6, 6:4 есебімен жеңді.
Қазақстандық жасөспірім теннисші бас жүлде үшін шешуші матчта жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген үндістандық Криш Тиагамен (98 ITF Juniors) шеберлік байқасады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!