Атырау мұнай өңдеу зауыты апатқа байланысты тоқтап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанның мұнай-газ кеңесі мәліметінше, Астана уақыты бойынша Атырауда сағат 18:25-те "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС аумағында сыртқы желілер тарапынан электр энергиясында апат шыққан. Нәтижесінде ЭЛОУ-АТ-2 қондырғысын қоспағанда, зауыттың технологиялық қондырғылары тоқтап қалған. Шамамен 18:47-де зауыттың электр желілері толығымен өшірілген.
Сағат 19:20-дағы бойынша жарық әлі берілмеген.
Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!