Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратов үйқамаққа алынды. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымына дереккөз айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Басқа мәліметтер берілмеді.
Бұған дейін БАҚ Мұрат Досмұратовтың қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін 72 сағатқа қамауға алынғанын хабарлаған болатын. Досмұратовтың ұсталуының бас директор Ғалымжан Жусанбаев пен оның орынбасары, бас инженер Әділет Шошанбасов таяуда қызметінен босатылған Атырау мұнай өңдеу зауытындағы кейінгі оқиғаларға қатысы жоқ екені атап өтілді.
"Ақ Жайық" мәліметінше, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС басшылығына қатысты соталды тергеуді облыс прокуратурасының үйлестіруімен Атырау бойынша ҚМА департаменті жүргізіп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз