Америкалықтарға Алматыдан жер телімі берілмек

Парламент Мәжілісінің қарауына "Қазақстан Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы Алматы қаласында Америка Құрама Штаттарының консулдық мекемесінің үй-жайларын салу үшін АҚШ Үкіметіне жер учаскесін жалға беру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қаралып отырған келісім Нью-Йоркте былтыр 27 қыркүйекте жасалды. Құжаттың мақсаты - Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне Алматы қаласындағы АҚШ консулдық мекемесінің үй-жайларын салу және пайдалану үшін 49 жыл мерзімге ауданы 70 мың шаршы метрден асатын жер учаскесін жалға беру. Келісімде жер учаскесін беру тәртібі мен шарттары айқындалған. Комитет осы заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын", - деді Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан.

 Еске салсақ, жақында АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм еліміздегі мансабын аяқтап, зейнетке шықты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз