Америкалық ірі компания Қазақстан сотына жүгінді

Астанадағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа спорттық киім мен аяқкиім өндіретін америкалық New Balance Athletics, Inc. ("Нью Бэланс") компаниясы жүгінді. Америкалық тарап тауар таңбасын заңсыз пайдалану бойынша өтемақы өндіру туралы талап-арыз берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сот мәліметінше, тараптар сотта медиациялық келісімге келген.

"Қол қойылған келісімге сәйкес жауапкер 200 000 теңге көлемінде өтемақы төлеуге және талапкер New Balance-тің тауар таңбасы бейнеленген тауарларды жоюға міндеттелді", – деді сот өкілдері.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді, азаматтық іс жүргізу тоқтатылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!