- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Америкалық және қазақстандық...
"Америкалық және қазақстандық әке". Бала тәрбиесіндегі айырмашылық видеоға түсіп қалды
Бала тәрбиесі - оңай шаруа емес. Бала тәрбиелеу тәсілі мәдени және ұлттық дәстүрлерге байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Жақында әлеуметтік желіде америкалық және қазақстандық әкенің баласын тәрбиелеу тәсілі түсіп қалған видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Tengri Life"-ке сілтеме жасап.
Ролик TikTok-та тарап кетті және шамамен 4 миллион қаралым жинады. Ролик авторы Ақерке бұл видеоны түсірудегі ойымен бөлісті. Ол видео былтыр жазда түсірілгенін айтты.
"Биыл ол TikTok-тағы танымал дыбысқа дәл келді, сондықтан қайын сіңілім Дариға оны жариялауды ұсынды", - деді автор.
@dyxaniedrakona А эм сори😂@Say Mo #fyp #хочуврек #waysberg #рек @Qaisar Qamza (QQ) #рекомендации #qaisar #saymo ♬ оригинальный звук - Waysberg music🇰🇿
Видеодағы оның күйеуі Шынболат пен баласы. Ролик авторы баласы әкесінің әткеншекке отыруын сұрап, оны тербегісі келген.
Видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бірі бұл видеоға күліп қараса, басқалары оның бұл әрекетін құптамады. Десе де, бұл видео маңызды тақырып - әкенің отбасыдағы рөліне назар аудартты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова