Америкалық астрофотограф Юпитерді суретке түсіріп алды

Америкалық астрофотограф Эндрю Маккарти Юпитердің суреттерін жинады, - деп хабарлайды Space.com

Маккарти 11-дюймдық телескоп пен фотокамераны қолданып, секундына 80 сурет түсірген. Артынша оларды арнайы бағдарлама арқылы компьютерде біріктірген. 

"Бұл таңғажайып планета. Сурет саны көп болып көрінгенімен секундына 80 сурет түсірдім. Себебі бәрі тез болды. Оларды біріктіруге екі сағаттай кетті", - дейді Эндрю Маккарти.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!