Абай облысында студент виза аламын деп алаяққа алданып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
21 жастағы 4-курс студенті полицияға жүгініп, биыл көктемде алаяқтық құрбаны болғанын мәлімдеді. Ұзақ уақыт таныс болмаған ер адам оған АҚШ-қа виза рәсімдеуде көмек көрсетемін деп уәде беріп, 199 300 теңге алған соң байланысқа шықпай қойған.
Абай облысы полициясының жедел жұмысының нәтижесінде күдікті анықталды. Ол Жамбыл облысының 28 жастағы тұрғыны болып шықты.
Бұл дерекке қатысты алаяқтық дерегі бойынша соталды тергеу басталды.
Полиция ресми құжаттары немесе лицензиясы жоқ таныс емес адамдарға сенбеңіздер деп ескертті.
Еске салайық, бұған дейін де шетелде демалмақ болғандар алаяққа алданып қалғаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!