Америкадағы қазақ жігіті табысы туралы айтты

Америкадағы қазақ жігіті табысы туралы айтты
Фото: depositphotos.com

Қазір Америкада тұратын Ербол Молдажан тапқан табысы туралы ашып айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ербол Молдажан АҚШ-та трак айдап, ақша тапқан. 

"Америкада жалақы бір ай емес, әр апта сайын береді. Трак айдаушы болып жұмыс істеудің 3 түрі бар: компанияға жүргізуші болып жалданасың, тракты жалға алып өзің жұмыс істейсің, тракты сатып алып, иесі боласың. Біз тракты жалға алдық. Енді қисапқа көшейік. Алдымен жүкті 900 долларға Dallas-тан San-Antonio-ға жеткіздік. Сосын 2500 долларға San-Antonio-дан Glendale-ға жүк алдық. Ал Phoenix-тан Plainfeild-қа 9100 долларға шыққан тасымал нағыз майшелпектің өзі дерсің. Өкінішке қарай, бұл аптада жоспарлы екі жүк жеткізілмейтін болды. Ондай кезде 175 доллардан комиссия төленеді. Соған қарамастан, жалпы 6 күнде 4 жүкпен 12960 доллар гросс жаптық. Гросс - жалпы кірген табыс", - дейді ол. 

Қазіргі бағаммен 12960 доллар теңгеге шаққанда 6 792 448 теңге. Ербол Молдажан шығындарды есептеп, қалтада қанша қалатынын айтты. 

"Оның 12 пайызын жүкті тапқан компанияға ұстаттық. Жап-жаңа тракты жалға алғанымыз үшін 1298 доллар, ал жанармайға 1935 доллар төледік. Өзге де ұсақ шығындарды қоссақ, жалпы шығын 3754 доллар болды. Таза қалғаны - 7560 доллар, оны екіге бөлеміз, сонда әрқайсымызға 3850 доллар, теңгеге айналдырсақ 2 миллионнан асады. Бірақ оны 4-ке көбейтіп, айына 8 миллион табады деп асықпаңыз. Өйткені әрдайым олай бола бермейді", - дейді Америкадағы қазақ жігіт.  

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық жас ана Нью-Йорктегі қызық оқиғаларын бөліскен еді. 

Гүлжанар Нью-Йоркте IT мамандығының курсын игеріп жатыр, ал серігі сол жақта жұмыс істейді. Америкаға жас отбасы арман қуып келді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget