- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Америкада жүк тасушы...
Америкада жүк тасушы болып бастаған қазақстандық кәсіп ашудың құпиясын бөлісті
Қазақстандық Ақжол Жұмағұлов АҚШ-та кәсібін дамытып жүрген жастардың бірі. Оның компаниясы 2023 жылы Калифорниядағы қарқынды дамып келе жатқан үздік 5 компанияның қатарына енген. Forbes тізіміне енген Ақжол Жұмағұлов қазір долларлық миллионер санатында. 28 жасында 1 млн доллар тапқан қазақстандық кәсіпкермен Massaget.kz тілшісі шетелде кәсіп ашудың қыр-сыры, компаниясының артықшылығы туралы сұхбаттасты.
"Қазақстандағы үйім мен көлігімді саттым"
Ақжол Жұмағұлов Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Сиэтл және Оранж округінде толық қызмет көрсететін жергілікті және мемлекетаралық тасымалдаушы SOS Moving компаниясының негізін қалаған. Қазір компания Калифорния нарығында белсенді жұмыс істеп келеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Шетелге көшпес бұрын Қазақстанда құқық қорғау органдарында қарапайым тергеуші болып қызмет атқардым. Бөлім басшысына орналасайын деп жүргенде сол қызмет қысқарып қалды. Сосын әрі қарай оқимын деп шешім қабылдап, Америкаға кетіп қалдым. Мұнда алғашқыда курьер болып жұмыс істеп, 5000 долларға дейін қаражат таптым. Бір жақсысы курьерлерге ешқандай жауапкершілік жоқ, маған ұнады. Сол 5000 доллардың 500-ін жалға алған үйге төледім. Қалған шығындарыма бір айда 1500 доллар жұмсайтынмын. Қалған 3000 долларды өзім жинап бастадым. Кейін бір жыл бойы жүк тасушы болып жұмыс істедім. Оған сағатына төленетін еді. Яғни бір сағатқа 15-20 доллар төленеді, қосымша ақы қалдыратын. Табысы өте жақсы болды. Ауқатты адамдардың жүктерін тасыған кезде олар ескі жиһаздарын тегін беретін. Біз оларды хабарландыру сайтына қойып сататынбыз. Бұл да бір жақсы табыс болды", - деді ол.
Ол 2020 жылы өзінің алғашқы көлігін сатып алған.
"Жұмыс істеген табысымнан ақша жинап отырдым ғой. Сөйтіп, ойымдағы көлікті алуға Қазақстандағы жұмысымның ақшасы жетпейтінін түсіндім. Сосын кәсіп ашуға шешім қабылдадым. Мұнда адамдар жиі үй ауыстарытынын, көшірту қызметіне жақсы ақша жұмсайтынын түсіндім. Нарықты зерттеп, осы салада кәсіп ашамын деп шештім. Осылайша, "Қазақстандағы "7-20-25" бағдарламасымен алған Көкшетаудағы үйімізді сатып, соның ақшасына алдымен 2005 жылғы ескі жүк көлігін алдым. Оған шамамен 15 мың доллар жұмсадым. Кейін көлігімді саттым. Содан түскен қаражат маған 3-4 жүк көлігін алуға жетті. Компания ашуына 800 доллар, керек-жарақ алуға 1000-1500, сайт жасауға 1000, компанияның жарнамаға 2000 доллар қаражат кетті. Әрі қарай команда жинадым. Ол аса бір қиындық тудырмады. Себебі өзім секілді ТМД елдерінен келген адамдар көп еді. Соларды жұмысқа алдым. Қазір компанияда 80 пайыз қазақтар жұмыс істейді",- деді кәсіпкер.
"Үздік 5 компанияның қатарына енді"
Үш жыл ішінде ол құрған компанияның табысы 1 миллион доллармен айналымға шыққан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Компанияға сақтандыру алу қиындық тудырды. Себебі оның өзіндік ережелері бар. Шетелдік азамат болғандықтан маған кредиттік карта бермеді. Ал Америкада бәрі кредиттік рейтингке байланып қалған. Соған қарап сені бағалайды. Тұрғындарға да картамен қолданған өте ыңғайлы. Алғашқыда бізге дебюттік картамен жұмыс істеуге тура келді. Бәсекелестеріміз кредиттік картамен сауда жасап, бонус жинады. Сол жағынан мәселе туындағаны болмаса, бәрі жақсы басталып, дамытып кеттік. Америкада қазір дағдарыс, ірі компаниялар жабылу үстінде. Бірақ біздің SOS moving атты компаниямыз өркендеп, Калифорниядағы қарқынды дамып келе жатқан үздік 5 компанияның қатарына енді", - деді Ақжол Жұмағұлов.
Оның айтуынша, компанияның брендіне баса назар аударған.
"Біз компанияның брендіне қатты көңіл аудардық. "Мисс Колумбияны" жалдап, компанияға жарнама ретінде бейнебаян түсірдік. Тағы да бірнеше атақты адамдармен жұмыс істеп, 5 бейнебаян шығардық. Мұның бәрі компанияда брендинг бар екенін көрсету үшін керек болды", - деді ол
"Компанияда ереже көп"
Компанияның әр сайын кірісіне сай қызметкерлер де сол мөлшерде жалақы алады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Компанияда ереже көп. Қызметкерлердің әрқайсысында КРІ бар. Бірақ оларға функционалды талап жоқ. Ішкі қауіпсіздік мықты. Әр ай сайын қаржылық жағдай тексеріліп отырады. Соған қарап, компанияның өскенін не құлдырағанын біліп отырамын. Соған сай қызметкерлердің жалақысы да сол мөлшерде болады", - деді ол.
Сондай-ақ, компанияның клиенттерге қызмет көрсетуде өзіндік ішкі тәртібі қалыптасқан.
"Бізде клиенттермен сөйлесудің арнайы үлгісі бар. Сондай-ақ клиент пен қызмет көрсетушінің сөйлескендері жазылады. Менеджер кез келген уақытта байланысқа шығып, кейбір ситуацияларда қызмет көрсетушіге бағыт-бағдар беріп көмектесе алады. Ал оны клиент естімейді. Бұл - компанияның өзіндік ішкі тәртібі", -деді ол.
"Бірнеше танымал адамдарды көшірдік"
Ақжол Жұмағұловтың құрған компаниясы Америкадағы бірнеше танымал адамдардың үйін көшіруге көмектескен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Осы уақытқа дейін көптеген танымал адамдардың үйін көшірдік. Бір қызығы - олардың танымал адам екенін білмей қаламыз. Себебі бізге көмекші мен менеджердері хабарласқан соң олардың түрін көрмейміз ғой. Бірде мексика-американдық актриса Сальма Хайектің үйін көшірдік. Бастапқыда білмедік. Кейін біз жұмыс істеп жатқанда ол үйіне бір затын ұмытып, соны алуға келді. Біздің жігіттер сол кезде оны танып қалды. Содан кейін ғана білдік. Жалпы Лос-Анжеласта ауқатты адамдар өте көп. Сондықтан, танымал адамдардың үйін ажырату қиын", - деді Ақжол Жұмағұлов.
Қазір компанияда 80-90 адам жұмыс істейді. Ал жаз мезгілінде клиент көбейетіндіктен, 200 адамға дейін артады.
"Компанияда қыста 80-90 адам жұмыс істейді. Себебі Орталық Америкада қыста қар жатады, көптеген жүргізушілер көлік жүргізуден қорқады. Жол апаты болу қаупі өте жоғары. Адамдар да жазға қарағанда қыста аз көшеді. Сол үшін де қыста айналым аз. Шамамен 600-700 мың доллар болады. Ал жазда 2 млн долларға дейін жетеміз. Компанияда жазда 200 адам жұмыс істейді. Осы жолы бұл рекордты жаңартқымыз келеді. Жазда жұмыс көбейеді, адамдардың бәрі көшеді. Өйткені Америкада үйлер өте қымбат, оларды адамдар сатып алмайды, тек жалға алады. Ал келісім шарт тек бір жылға созылады. Адамдар да жазда көшіп-қонуға үйренген", - деді ол.
"Үйді жалға алу құны қымбат"
Оның айтуынша, Америкада үйді жалға алу құны қымбат.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Жалпы Америкада бәрі арзан болғанымен, үйді жалға алу құны қымбат. Мектептің бәрі тегін. Спортзалға бару бағасы Қазақстанға қарағанда арзан. Дүкен, мейрамханадағы тамақтардың бағасы еліміздікімен бірдей. Бізде орташа айлық Америкадан аз ғой. Сондай-ақ, кез келген бренд Америкада арзан, қол жетімді", - деді ол.
Сондай-ақ, тұрғындардың қоқыстарын әр жұма сайын көлікпен өздері тасып отырады.
"Тұрғындардың негізгі ережелері біздікіне ұқсайды. Одан бөлек аптасына бір рет газет таратады. Көптеген мекемелер әлі де пошталық хат жіберуді қолданады. Яғни, фильмдегідей аптасына екі рет пошта жәшігіне хат келеді. Америкада тұрсаңыз, үйден шықпауға болады. Әр жұма күні өздері қоқысты алып кетеді. Тек бәрін бөліп қою керек. Яғни, қағаз, пластиктерді, органикалық тағамдарды және ауладағы жапырақтарды үшке бөліп қоямыз. Ал ауланы тазалықшы келіп, жинап кетеді", -деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы