АҚШ-та тұратын Динара есімді қыз өз-өзіне қол жұмсағаны туралы қайғылы хабар жетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы белгілі журналист Жанар Байсемізова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Америкадан жеткен суыт хабар жып-жылы болып тұрған күздің күнін суытып жіберді. Бір сәтте айналамдағы әсем бояулар қарайып, шайылып кетті. Бұл қалай болғаны, неге, не үшін?! Сұрақ көп, жауап жоқ... Неткен өкініш... Неткен қасірет... Динара, кешір мені, кеш бізді... Рухың пейіште шалқысын. Жап-жарық едің... Қош бол, Жарық Күн" – деп жазды журналист.
Динара Қазақстандағы тележобаларға қатысып, елге танылған болатын. Қостанай қаласынан шыққан қызды алты жасында АҚШ отбасы асырап алған.
Айта кетейік, 1999-2012 жылдар аралығында Қазақстан шетелдіктерге бала асырап алуға рұқсат берген. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, осы уақыт аралығында АҚШ азаматтары 10 мыңға жуық қазақстандық баланы асырап алған. Бұл – АҚШ-та асырап алынған қазақстандықтар арасында тіркелген екінші суицид жағдайы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!