Жақында кілттер және ашқыш жинағы бар жаңа әмбебап құрал саудаға шықты. Сонымен қатар, оны білекке тағып жүруге болады. Ол сағаттың білезігі секілді көрінеді.
Кез келген құралдың қасиеттері ішінде сенімділігінен кейін әмбебаптығы тұрады. Бір құралды бірнеше мақсатта қолдану өте ыңғайлы. Жинақ "The Leatherman Tread Bracelet" атауына ие.
Кез келген саймандар жәшігінде кілттер мен ашқыштар маңызды. Әртүрлі жағдайда пайдаға жарайтын кілттердің түрі көп. Сондықтан көп орын алады. Сыртынан қарағанда "Leatherman Tread" сағаттың металл білезігі сияқты, алайда оның әр буынында ашқыш қондырмасы мен кілт жалғағышы орналасқан. Білезікті қолдану жеңіл әрі ыңғайлы. Қажетті буынды таңдасаңыз, білезік бүктеліп, қолға ұсталып, тұтқа болады. Жинақта барлығы 29 құрал түрі бар.
Білезік тот баспайтын темірден жасалған. Екі түрлі (ашық және қою) түсте шығарылады. Ол білекке тағылып, кез келген стильдегі киім үлгісіне үйлесе береді. "Leatherman Tread" білезігі ер адамдарға да, әйел адамдарға да келе береді. Өндіруші өз өніміне сенімді болғандықтан, 25 жыл кепілдік берілді. Мына видеодан білезікті қолдану әдісін көре аласыздар.