- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Аман-есен". Дубайға жұмыс...
"Аман-есен". Дубайға жұмыс іздеп кетіп, із-түзсіз жоғалған екі қазақстандық елге оралды
Дубайға жұмыс іздеп, із-түзсіз жоғалып кеткен екі қазақстандық елге оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай Instagram-парақшасында хабарлады.
"Сүйінші ағайын! Исламбек пен Жарас елге аман-есен келді. Аллаға сансыз шүкір. Ата-ана бақытты, балалар аман. Көреміздің (бағдарлама - еск.) тағы бір жеңісі", - деп жазды журналист.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Дубайға жұмыс іздеп кеткен екі қазақстандық із-түзсіз жоғалып кетті
Еске салайық, 11 қаңтарда жұмыс іздеп, Дубайға кеткен екі қазақстандық жігіттен жақындары екі аптадан бері байланыс ала алмай отырғанын хабарлаған болатынбыз.
Исламбек Қазыбеков пен Жарас Сейіткәрім жаңа жылдың алдында белгісіз адамдардың айтуымен, Таиландқа ауысқанын айтқан. Кейін достарына жіберген соңғы хабарламада Таиланд, Лаос, Мьянма елдерімен шектесетін "Золотой треугольник" деген жерде алданып қалғандарын жеткізген. Содан бері хабар болмаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина