- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Амал нешік". Бағлан...
"Амал нешік". Бағлан Әбдірайымов оқырмандарына ерекше жазба арнады
Әнші Бағлан Әбдірайымов су тасқыны кезінде әзіл айтып, хайп қуғандарға жазба арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына басу айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Әне-міне дегенше сауабы сансыз Рамазан айы да бітті. Бұл қасиетті айда елімізге сауап мен сынақ қатар келіп, еңсеміз езіліп тұр. Айтып келмейтін апат Батыс Қазақстанымызды басты. Солтүстік Қазақстанымызды шайып жатыр. Амал нешік, табиғи апат, Алланың қалауы дейміз… Бұл күн де өтер, бір қиындықтан кейін екі жеңілдік бар екені анық. Күн жылып, су сіңіп, апатты аймақтардағы қираған үйлер қайтадан қалпына келтірілер. Осы тұста хайп қуып, қасірет үстіне неше түрлі әзіл сөздерді қосып, теріс видео таратып жатқан жандарға, "Апаттан абырой жинамай-ақ қояйық", дегім келеді. Одан қаралымың артып, оқырманың көбеймейді. Бәрі біткесін әлеуметтік шығынға ұшыраған халықтың талабын мемлекеттен сауатты түрде талап етіп, қайта өндіріп алатын боламыз. Атсалысайық. Сондықтан болатын іске көшейік. 10 тонна азық-түлік жинап, батысымызға жөнелтіп жатқан Малик Хасенов секілді қаншама танымал тұлғалар сбор ешіп, етігімен су кешіп, ел арасында жүр. Сондай ерлікті айтайық. Он тонна азық түлікті тік ұшақпен жедел жеткізуге атсалысқан мемлекеттік органдардың ісін айтайық. "Қуанышты бөліссең көбейеді. Қайғыны бөліссең азаяды" деген емес пе?! Қуанышты күніміз алда, сабыр етейік. Еліміздің еңсесі түспесін. Бұлт артынан күн шығады", – деп жазды ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы