- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Алып тастайтын өкілеттігім...
"Алып тастайтын өкілеттігім жоқ" - Дархан Сатыбалды Назарбаевтың Түркістандағы ескерткіші туралы
Түркістан облысының Дархан Сатыбалды экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне қойылған ескерткішке қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналист Асхат Ниязов әкімнен қазір Назарбаевтың ескерткішін орнату қаншалық орынды екенін сұраған.
"Мен оған пікір білдіре алмаймын. Бұл ескерткіш демеушілер арқылы қойылған. Бюджеттен қаржы жаратылмаған. Екіншіден, әр ескерткішті қою үшін арнайы процедура бар. Қоғамдық тыңдау болады. Шешім қабылданғаннан кейін ономастикалық комиссия қарастырады. Ал комиссияның шешімі республикаға жіберіледі. Олар шешім қабылдағаннан ғана ескерткіш орнатылады. Мен әкім ретінде оны алып тастай алмаймын. Әкім ретінде оны алып тастайтын өкілеттігім жоқ", - дейді Дархан Сатыбалды.
Еске салайық, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркістандағы ескерткіш 2021 жылы 3 шілдеде орнатылған болатын.
Ескерткіштің биіктігі - 4 метр, тұтастай қоладан құйылған мүсіннің авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, суретшілер одағының мүшесі Тілеуберді Бинаш.
Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, ескерткіш Назарбаевтың егіс алқабында түскен фотосуретіне қарап жасалған. Түркістандағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында орнатылған мүсіннің композициясында "Ұлы Даланың Ұлы" атты Елбасы ескерткішінде қарт Қаратаудың сұлбасы бейнеленген. Автор Елбасының Қаратау жазығында шексіз далаға байыппен қараған сәтін суреттеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина