Медеуде алып тастар жоғарыдан құлап жатқан вдео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео әлеуметтік желіде пайда болды.
Бұған дейін Алматы қаласының Медеу ауданының әкімдігі құлаған тастардың салдарын жоюға байланысты Медеу-Шымбұлақ автожолымен өтудің режимі белгіленгенін хабараған болатын.
Аспалы жол іске қосылғанға дейін электромобильдер мен жаяу жүргіншілер 09.00-ге дейін, 12.00-ден 14.30-ға дейін және 18.00-ден кейін кіре алады.
Аспалы жол іске қосылғаннан кейін 1 қарашадан бастап электр көліктеріне 09.00-ге дейін және 18.00-ден кейін кіруге рұқсат. 13.00-ден 14.00-ге дейін техникалық қызметтердің арнайы көлігі ғана кіре алады.
Бұл кезде студенттік соқпақ арқылы жаяу серуендеуге болады. Қозғалысты шектеудің белгіленген кестесі 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Өзгеріс қосымша хабарланады.
25 қазаннан бастап Медеу-Шымбұлақ жолындағы құлаған тастарға қатысты жұмыстар басталды. Қазір автокөлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектелген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!