- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Алып қашып, зорлап...
"Алып қашып, зорлап тастаса да қайт". Танымал блогер қыздарға үн қатты
Фото:
видеодан алынған кадр
Сценарист, блогер Перизат Мырзахмет Mom'sкий әңгімеде алып қашу мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер қыздарға үн қатып, алып қашқан жағдайда не істеу керегін айтты.
"Тек заңды қатайту керек. Адамдар қорқыныштан ғана тоқтамаса тоқтамайды. Қыз балаларды, қазір барлығын азғырамын. Алып қашты ма, алып қашуға тұспалдады ма, тіпті алып қашып, зорлап тастаса, қайт. Болды. Алып қашқан адам бірінші құқығыңды бұзып тұр ма, өмір бойы құқығыңды бұзады. Ол сені сыйламайды. Тірі адам ретінде жаныңды, ойыңды, жүрегіңді сыйлап тұрған жоқ. Болды кет, ол үйден. Қашып кетесің бе, біреуді өлтіріп кетесің бе, кет", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова