- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алып жүрген қабы...
Алып жүрген қабы күдік туғызған: Түркістан облысында арқар атып алған ер адам ұсталды
Түркістан облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан тұрғын анықталды. Ер адамнан сойылған арқар еті, қару мен оқ-дәрілер табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері "Басқайрық" сайы тұсында жергілікті тұрғыннан сойылған арқар етін тапты. Таулы аймақтан күдікті ер адам байқалған. Сондай-ақ, тұрғынның өзімен бірге алып келе жатқан қабы күдік туғызып, полицей тексеріс жүргізген.
Тексеріс кезінде ер адамнан ойық ұңғылы кіші калибрлі ТОЗ-8 және ТОЗ-12 аңшы мылтығы, 16 оқ-дәрі тәркіленген. Одан бөлек арқарға ұқсас бөлшектенген жануардың жаңа сойылған еті табылды. Қару мен жануар етіне сараптама тағайындалды.
Қазір бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша тіркеуге алынып, соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова