Аты шулы әнші Төреғали Төрәлі әйеліне арнап романтикалық кеш ұйымдастырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші өзінің инстаграм-парақшасында видео жүктеді. Одан әншінің романтикалық дастархан дайындап, әйеліне гүл сыйлағанын көруге болады.
Отбасыға бақыт тілеген Желі қолданушылары көп болды, сондай-ақ алтыншы баласы дүниеге келгеннен кейін әншінің әйеліне деген сезімі күшейе түскенін айтып, қалжыңдағандар да болды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!