Шымкентте алып сәби дүниеге келді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап.
Шымкентте дүниеге келген алып сәбидің салмағы – 6,5 келі, бойы – 63 сантиметр.
Шарананың денесі үлкен болғанымен, дәрігерлер аяғы ауыр әйелді операциясыз босандырып алды. Қазір сәбидің де, ананың да жағдайы жақсы.
Алып сәби – көпбалалы отбасының алтыншы перзенті. Ата-анасы оған Тәуекел деп есім берген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!