Жақында той жасаған танымал әнші Роза Әлқожа келініне тосынсый жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бала-келініне шетелге жолдама сыйлады.
"Кеш жарық! Сіздер бақыт тілеген келініміз ғой. Алтыншы баламыз деп қабылдадық. Жаңа үйленгенде, үйге үйренісе алмай жүргенде күйеуіңнен басқа ешкім қызық болмайды ғой. Бар баққаның, бар күткенің бір адам. Ал ол өзінше боп жүреді дегендей. Сәлемі, орамалы бәрі де бар. Тек қалаға, қыдыруға шыққанда жалаңбас жүре бер деп рұқсат бердік. Маған да сөйткен. Жалпы Алматы облысында қатты заң жоқ. Кеше Ясинаға куртка әпер деп Әсемді сауда үйіне жібергенмін. Өзім салонда едім. Идея деген ойда жоқта келеді емес пе?! Келінге күтпеген жерден кеше салонда отырып осылай жаздық та жасадық. Әділ екеуміздің бұл жасырынбағымыз әділ өтті. Оның айғағы міне! Келінжанның аппақ ниеті шығар?! Көңіліңе құдай берсін! Жаңа түскен келінге тек жақсы сөз айтайық. Сіздерге де осындай ақылды келін бұйырсын!" - деп жазған өнер иесі.
Желі қолданушылар жентебірентер көрініске жылы лебіздерін жазды.
"Келінді де жылы өз адамыңыздай қабылдай алсаңыз, одан асқан бақыт жоқ", "Келінің жүзі жылы екен", "Құтты келін болсын. Жастар бақытты болсын", "Керемет, қуаныштарыңыз еселенсін", "Менің қызыма осындай отбасы бұйырсыншы", - дейді олар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз