“Алтынның бағасы 95 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін“ - сарапшы

“Алтынның бағасы 95 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін“ - сарапшы
Фото: depositphotos.com

Қаржы сарапшысы Айбар Олжаев кейінгі уақытта алтын бағасы көтеріліп келе жатқанын, бұл құбылысқа қандай факторлар әсер етіп отырғанын және алдағы уақытта қандай өзгеріс болуы мүмкін екенін айтты.

Қаржы саласының сарапшысы, экономист Айбар Олжаев

Оның сөзінше, қазіргідей геосаяси жағдай түсініксіз болып тұрған шақта алтын қорғаныс активі саналады. 

"Қазіргі жағдай түсініксіз болғандықтан инвесторлар алтынға ауысады. Сондықтан алтын бағасы көтерілді. Баға қатты көтерілген кезде инвесторлар пайда табу үшін алтынды сата бастады, сондықтан бағасы төмендеді", - деді ол.

Cарапшының пікірінше, Қытай мен Тайвань, АҚШ пен Иран арасында геосаяси жағдай шиеленісе түссе, алтынның бағасы 95 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. 

"Жыл басында тарихи көрсеткіш жаңарған еді. Қазіргі көрсеткіш те жоғары. Тағы геосаяси өзгеріс болса, алтын бағасы өсе беруі мүмкін", - деді Айбар Олжаев.

Айта кетейік, Ұлттық банк мәліметінше, кейінгі күндердегі көрсеткіш мынадай (1 грамм алтынның құны):

Ұлттық банк ұсынған

Руслан Базарбаев

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget