"Алтынмен апталып, күміспен күптелген". Әнші Өмірқұл Айниязовқа інісі бағалы сыйлық тарту етті 

Жақында ұлды болған әнші Өмірқұл Айниязовқа інісі құны қымбат бағалы сыйлықты тарту етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі сыйлық алғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Қуанышты жаңалығымен құттықтаған әншінің інісі алтын және күміспен қапталған қамшы сыйға тарту еткен

"Дүниеге ат ұстар келді деп алтынмен апталған күміспен күптелген қамшы сыйлаған Біләл ініме Алла разы болсын", - деп жазды ол.

Әнші желі қолданушыларының ішінде қамшының бағасын сұрағандарға құны 1 млн теңге екенін ашық айтты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз