- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алтынемел мен Барсакелмес...
Алтынемел мен Барсакелмес ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді
Алтынемел мен Барсакелмес ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Барсакелмес қорығына "Тұран шөлдері" номинациясында ЮНЕСКО-ның Әлемдік және мәдени мұрасы мәртебесі берілді.
Элина Мальцеваның айтуынша, бір күн бұрын Сауд Арабиясының астанасында ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің 45-кеңейтілген сессиясы өтті.
"Екі сағатқа созылған пікірталас барысында оң шешім қабылданды. Алтынемел мен Барсакелмес аумақтары ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енді. Бұл - тарихи оқиға, өйткені бұл жерлер халықаралық мәртебеге ие болды. Осылайша, Қазақстан бұл аумақтарды бүкіл адамзат үшін сақтауға міндетті, - деді ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра жөніндегі Қазақстан ұлттық комитетінің мүшесі Элина Мальцева.
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы 1939 жылы құрылған. Қорық тарихына Арал теңізінің апаты тікелей әсерін берді.
Айтпақшы, осыдан бірнеше жыл бұрын Алтынемел (2017) мен Барсакелмес (2016) ЮНЕСКО биосфералық қорық мәртебесін алған болатын.
Маусым айының соңында "Алтынемел" ұлттық саябағында осы бірегей жерде экологиялық таза туризм мәдениетін насихаттауға арналған визит орталығы ашылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан