- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алтынай Жорабаеваның тұңғыш...
Алтынай Жорабаеваның тұңғыш қызы шетелге грантқа түсті
Танымал әнші Алтынай Жорабаеваның тұңғыш қызы Қытай елінің грантын жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сүйінші жаңалықты Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Алланың қалауымен тұңғыш қызымыз Аяулым Қытай Халық Республикасы, Бейжің қаласындағы ең мықты университетке грантқа оқуға түсті. Аяулым былтыр Қазақ Ұлттық университетін қызыл дипломмен бітіріп, бір жыл жұмыс істеп, арасында жапон, кәріс, қытай тілдерін меңгеріп жүрді. Оқуға, басқа тілге қатты қызығатынын Гүлсінай әпкесі байқап: "Аяулым, сен деген қандай алғыр баласың! Сен осы Қытайдағы жоғарғы оқу орнына тапсырып көрсеңші. Мысалы, біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қытайдың мықты университетінде оқыған ғой", – депті. Сөйтіп Аяулым міне бүгін осындай ректордың шақырту қағазын алып, төбеміз көкке жеткендей қуанып жатқан жайымызды сіздермен бөлісіп жатырмыз. Бізге тілеген тілектеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын!", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Осылайша, әнші Алтынай Жорабаеваның үлкен қызы Аяулым Қытайдағы Бейжің университетінің студенті атанатын күн жақын. Желі қолданушылары да әншіні қуанышты жаңалығымен құттықтап, жақсы тілегін жаудырып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева