Танымал әнші Алтынай Жорабаеваның күйеуі киімдерін қою үшін әйеліне аумағы 180 шаршы метр болатын пәтер сатып әперді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Көршінің пәтерін сатып алғанбыз ғой. Енді ол пәтерде асхана да, ештеңе де болмайды. Көбіне менің киімдерім, гардероб болады деп отырмыз. Төрт бөлмелі, 180 шаршы метрді қамтиды. Біздің жеке жатын бөлмеміз де сонда болады, - деді ол желідегі парақшасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!