Алтынай Жорабаева әріптестері мен жақындарына неге өкпелі?

Алтынай Жорабаева әріптестері мен жақындарына неге өкпелі?
Фото: видеодан кадр

Белгілі қазақстандық әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында ренішін білдіріп, жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші сыртынан ғайбаттайтын адамдарға үндеу жасады. 

"Жарты ғасырға жақындағаны бар, жарты ғасырдан асқан адамдар бар. Бір дастарқанда отырып, "Сен кереметсің, жаным, күнім" деп алып, артынан неше түрлі әңгіме айтқанын естіп жатырмыз. "Ақша үшін жүр, ақшасы таусылғасын көреміз" деп біреудің жетістігіне қуана алмайтындар бар. Сұмдық енді?! Мына жерге жазуға ұялады екенсің. Өздері "Ғайбат айтпаңыздар" деп сөйлейді. Мен өзіме қатысты әңгіме естісем, сол бойда адамның өзін жеке алып шығып, айтып тастаймын. Бұл жерде бауырымдай болып кеткен жандар туралы болып тұр. Жанымдағы жандар үшін жүйкем тозып, әдейі жазып отырмын. Мен айтылып жатқан әңгімелерден хабардар болып отырмын", - деп ішкі сырын ақтарды әнші. 

Алтынай Жорабаева мұндай жағдайды бір рет емес, бірнеше басынан өткергендіктен, жалпыға ортақ желіге жариялап отыр екен. 

"Бұл жағдай бірінші рет емес болған соң, жазып отырмын. Өте күлкілі жағдай?! Не деген іштарлық?! Халықтың алдында әдемі сөйлеп, шынайы өмірде айтқандарына мүлдем сәйкес келмейтін адамдар, сабыр сақтаңыздар! Біраз адам үлгі болып жүрген "Халық қалаулылары" осындай болып жүрсе, қалай шок болмайсың. Бүгінгі салған әңгімелерімнің иелері бар. Өздері біліп те отыр", - деп, әріптестеріне де өкпелі екенін білдірді ол. 

Еске салайық, бұл Алтынай Жорабаеваның әріптестеріне қатысты алғашқы үндеуі емес. Бұған дейін де өнер иесі "Шектен шықпаңыздаршы" деген тақырыппен өнердегі әріптестеріне шүйліккен болатын. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева