- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алтын іздеп жүрген:...
Алтын іздеп жүрген: 17 жастағы қазақстандық шахтадан табылды
Степногорск қаласында 17 жастағы жасөспірім жоғалып кетті. Полицейлер оны бірнеше күн іздеп, шахтадан тапты. Осы уақыт бойы ол алтын іздеп жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Степногор қалалық полиция басқармасына 16 қыркүйекте жеткіншектің жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Бала 13 қыркүйектен бері сабаққа бармаған соң мұғалімдер дабыл қаққан.
"Полиция қызметкерлері дереу қажетті жедел және іздестіру шараларын бастады. Жоғалған жасөспірімнің таныстарының шеңбері құрылды, ата-аналары, жақын туыстары мен достары арасында сауалнама жүргізілді", - деп полицейлер іздеу мәліметтерімен бөлісті.
Тәртіп сақшылары жасөспірімнің Бестөбе ауылының аумағында екенін анықтап, шахтаның төменгі көкжиектеріне түсіп іздеген.
"17 қыркүйекте кәмелетке толмаған баланың орналасқан жері анықталды және ол туыстарына аман-есен оралды. Жас жігіт алтын табу үшін шахталарға түскенін түсіндірді. Жасөспірімнің ата-анасына қатысты кәмелетке толмағанды тәрбиелеу, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін әкімшілік хаттама жасалды. Сонымен қатар кәмелетке толмағанның өзі күзетілетін объектіге заңсыз кіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Ақмола облыстық ПД қызметі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина