- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Алтын сырғасын шешіп...
"Алтын сырғасын шешіп алған". Түркістан облысында ер адам досының қарт анасын тонап кетті
Түркістан облысы Жетісай қаласында зейнеткер әйелді өз ұлының досы тонап кеткен. Ер адам оған күш қолданып, алтын бұйымын шешіп алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Жәбірленуші дереу полицияға арызданған. Оның айтуынша, кешкі уақытта үйінде ұлының досы қонақта болған. Содан ер адам зейнеткерге күш көрсетіп, алтын сырғасын шешіп алыпты. Кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Келтірілген шығын – 100 мың теңге.
Зейнеткердің арызы Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі "Тонау" бойынша тіркелген.
Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталды. Тергеу кезінде ер адам жәбірленушінің ұлымен бірге үйінде ішімдік ішкені анықталды. Кенеттен ойы өзгерген ол есік алдында келе жатқан егде жастағы әйелге күш қолданып, құлағынан сырғасын шешіп алған. Қолды болған алтын сырға тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан