- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Алтын Орда" базарының...
"Алтын Орда" базарының тағдыры не болмақ?
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевке "Алтын Орда" базарының келешегіне қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Ерболат Саурықов "Мәжілістің жұмыс тобында Сауда және интеграция министрлігі жақында ақпарат берген еді. Астана, Алматы мен Шымкент қалаларында жаңартылатын 16 базардың ішінде "Алтын Орда базары бар ма?" деп министрге сұрақ қойды.
Арман Шаққалиев "Алтын орда" базары Алматы облысында тіркелгенін, сауда нысанын жаңарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
"Жол картасында ондай нысан бар. Бүгінде үшінші үлкен көтерме тарату орталық болады. Онда 2 үлкен павильон салынды. Біреуі азық-түлікке, екіншісі азық-түлік емес тауарларға арналған. Қазір көптеген адам көшеде сауда жасай беретіндерін айтып отыр. Оларға қосымша төлем төлемей, солай жұмыс істеу ыңғайлы. Көшеде сауда сату - бұл болмайтын формат. Саудагерлерге соны айттық", - деді министр.
Еске салайық, бұған дейін "Алтын Орда" базарының құрылтайшыларының бірі Данияр Альпиев екі ай мерзімге қамауға алынған еді. Бұл ақпаратты Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі өкілдері растады.
Аяз Есен
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!