"Алтын Орда" базарының атқарушы директоры Ермек Омаров Президентке үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Құрметті Президент мырза! Біз сізді өзіміз сайлағанбыз. Данияр Әлпиев мырзамен бәріміз сізді сыйлап, сайлап отырмыз. Біз Жаңа Қазақстанға сенеміз. Қазақстанда заңның барына, әділдік барына сенеміз. Осы келген күзет қызметінің басшысы Құрмет деген жігіттің өзі монополия жасаймыз деп базарға келген. Бірақ Ермек Қарасайұлы оны қайтарып жіберген. Оны осы жердегі халық та біледі. Себебі осы базардың дамуына үлес қосып, ешқандай моноплиясыз, азық-түліктің бағасын түсіруге өзіміз әкімшілік ретінде күшімізді саламыз. Осы айтқан міндетімізді орындап келе жатырмыз.
Президент мырза, сізден сұрарымыз, әділдік орнасын", - дейді "Алтын Орда" базарының атқарушы директоры Ермек Омаров.
Еске салайық, бұған дейін күзет қызметінің заңгері бұл жайтқа қатысты түсінік берген болатын.
"Жағдайды қысқаша түсіндіріп өтетін болсақ, бұл базар 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап меншік иесі "#1" компаниясы болып табылады. Одан кейін "#1" компаниясы "Алтын орда нюс" компаниясына жалға береді. Шартқа сәйкес "Алтын орда ньюс" компаниясы олар бойынша базардың қауіпсіздігін сақтау үшін күзет агенттігін жалдауға тиіс болатын. Қауіпсіздік қызметі не істейді? Тәртіпті, өртке қарсы әрекеттерді және барлық нюанстардың сақталуын қадағалайды. Бірақ компания қауіпсіздік агенттігін жалдамады, тәртіпті ешкім қадағаламады. Осыған байланысты 2023 жылдың 13 маусымынан бастап Алтын Орданың меншік иесі, яғни "#1" компаниясы өз күшімен күзет агенттігін жалдады. Ал қазір қызметкерлер базарды күзету бойынша жұмыс жүргізу үшін өз кабинетіне бара жатқан. Мұнда күзет заң бойынша жүр", - дейді "Қамқор қызмет" күзет агенттігінің заңгері Ізбасар Келіспекұлы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!