"Алтын Орда" базарында тағы шу шықты

"Алтын Орда" базарында, базардың экс басшысы Данияр Әлпиевтің әрекетінен зардап шеккен саудагерлер бас көтерді. Олар алаяқтықтың құрбаны болғанын айтып, әділ тергеуді талап етуде , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Саудагерлер Әлпиевтің әйелі мен адвокатының әлеуметтік желілердегі ақпаратты бұрмалап, фактілерді өзгертіп, тергеуге теріс ықпал етуге тырысып жатқанына наразы.

Данияр Әлпиевтің жұбайы Президентке үндеу жасады

Бұл жолғы базардағы шу әлеуметтік желі беттерінде "Алтын Орда" базарының бұрынғы директоры Данияр Әлпиевтің жұбайының президентке жолдаған үндеуінен басталды. Үндеуінде өзін "Алма" деп таныстырған әйел адам қазіргі "Алтын Орда" басшылығына айып таққан.

Алма өз сөзінде "Алтын Орда" базарын бір кездері қайын атасы Алтынбек Әлпиев салғанын айтады. Дегенмен, 2007 жылы оқ тиіп қаза тапқан базар басшысының орнына күйеуі Данияр Әлпиев келген. Алайда 2012 жылы Болат Назарбаев базарды қорқытып тартып алған. Іс қаңтар оқиғасынан кейін Президентке жетеді. Соның арқасында бұрынғы Экономикалық тергеу департаментінің қызметкері келіп, Данияр Әлпиевке "Алтын Орда" базарының 20 пайыздық үлесін алып берген.

Әйелдің сөзінше жұмысқа кіріскен Данияр Әлпиев, базардың біраз кем-кетігін түзеген. Атап айтқанда өрт, санитарлық, техникалық қауіпсіздік жағын дұрыстаған. Десе де, Данияр Әлпиев үстінен қылмыстық іс қозғалған. Себеп, жаңа павильон үшін ол үлескерлерден ақша жинап алған-мыс, бірақ павилион құрылысы басталмаған.

Құрылыс жүріп жатқан 3 павилион

"Шындығында ол ресми түрде барлық қаражатты банк арқылы аударып, салық төлеп,  іргетасын құйып, бірінші қабатын орнатқан. Осынша істің бәрі жасалғаннан кейін, екінші компания келіп, менің күйеуіме базарға кіруге шектеу қойған", - дейді Алма өз үндеу бейнесінде

Алма базар әкімшілігінің барлық кәсіпкерлерді арыз жазуға мәжбүрлегенін айтады. Оның сөзінше әкімшілік үлескерлерге жаңа сауда павильондарынан орын бермейтіндерін алға тартып қорқытқан көрінеді. Және бас көтеріп жүрген кәсіпкерлер арасында, мүлде базарға қатысы жоқ, сатылған адамдар жүр екен-мыс.

Кәсіпкерлердің өз шындығы бар

 Құрылыс басына жиналған үлескерлер

Десе де, үлескерлер Алманың барлық сөзін жоққа шығарып отыр. Олар Данияр Әлпиевтің 2023 жылы базарда жаңадан құрылысы көтеріліп жатқан 3 павильонға заңсыз (шапка) алдын-ала ақша жинап алып, хабарсыз кеткенін алға тартады. 

Кәсіпкерлердің қолында кей құжаттар мен түбіртектер де бар.

Жәбірленушілер ұсынған түбіртектер

Айдарбаев Райхан,салымшы

"2003 жылдан бері осы базарда сауда жасаймын. 2006 жылы Алтынбек Әлпиевтен 5 бутикті 18 миллионға сатып алдым. Сол бутиктердің 2-еуі сатылып, 3-еуі осында жұмыс жасап тұрған. Кейін мұнда жаңа павильон салынады деген соң сүріліп кетті. Орнына жаңа бутик бере ме деп, осы павильонның құрылысына қаражат салғанбыз. Енді түксіз қалып отырмыз" , - дейді үлесші Айдарбаев Райхан.

Жиналған жұрт Данияр Әлпиевтің кассирі Маржаның әлі ұсталмағанына наразы. Өйткені азаматша бұрынғы жер техпаспорттарын өзімен алып, шетелге кетіп қалған. Жиналған қаржы үстінен "бутик алып беремін", - деп үстеме қаражат жинағанда осы жан. Ал құрылыс басына келген жаңа компания сол құжаттарды көрсетсе ғана жеңілдік беретіндіктерін жеткізген.

Әлия Көшбесбаева, салымшы

"Әпкеммен бірге осы құрылысқа 50 миллион құйдық. Көлігімді саттым, несие алдым. Соңында алданып қалып отырмыз. Не сауда нүктесі, не ақша жоқ. Өзіміздікін даулап шығып едік, бұлар керсінше бізге күйе жағып отыр" , - дейді үлесші Әлия Көшбесбаева

Ал, Данияр Әлпиевтің жары мен адвокаты "мүлде базарға қатысы жоқ, сатылған адамдар", - деп айыпталған салымшы Гүлайым Мақашева, бүгінгі жиыналыста бой көрсетіп, өз шындығымен бөлісті.

 Гүлайым Мақашева, салымшы

"Мен осы Алтын Орда базарында 2006 жылдан бері жұмыс жасаймын. 2022 жылы осы павильонға 4 миллион теңге құйғанмын. Мәселе қатысты журналистерді бұған дейін де шақырып, сұқбат бергенмін. Сол сұқбаттардың бірінде атымды қазақша айттым. Осы тұста Әлпиевтың жары мен адвокаты маған "Подстовное лицо" деп айып тағып, сотқа беріп жатыр. Алдап кеткені бір бөлек, айыптап күйе жаққандары шектен шыққандық деп білемін" , - дейді салымшы Гүлайым Мақашева

Данияр Әлпиевтың адвокаты, базардың рейдтік жолмен басып алынғанын, кейін экс басшыны жаңа басшының күзеті күшпен нысанға кіргізбей қойғанын жеткізеді. 

Биболатов Бауыржан, Әлпинов Даниярдың адвокаты


"Әлпиов Данияр дәл қазір қамауда. Базарды Х. есімді тұлға рейдттік жолмен басып алған. Десе де, дәл қазір біздің қолымызда керек құжаттардың бәрі бар. Жиналған қаражат мақсатты жұмсалған. Құрылыс жүріп жатыр. Бірақ екінші ЖШС "Компания номер один" үгіттеуімен кәсіпкерлер бізге қарсы арыз жазып отыр. Іс олай ушықпағанда, павилион ендігі дайын болар еді" , - дейді Әлпинов Даниярдың адвокаты Биболатов Бауыржан

Данияр Әлпиевтың адвокатына қарсы сөзді Алтын Орда базарын қазір басқарып отырған "Big City Market" ЖШС-нің заңгері Өтеуіл Ізбасар айтты. Оның сөзінше Әлпиев өз қылмыстық жүйесі арқылы жиылған ақшаны шығарып алып отырған.

"Бұл жерде интернет ресуртарда шыққан жалған ақпараттарға қарсы кәсіпкерлер өздерінің азаматтық пікір білдіруге жиналып отыр. Жаңа Әлпиевтің заңгері пікір берді. Оның деректері жалған екенін мен сіздерге экпертизаға сүйене айта аламын. Адвокаттың сөзінше олар бар қаражатты ЖШС "Компания номер один" аударған. Бұл фактіні менде растаймын. Дегенмен, ЖШС "Компания номер один" түскен қаражатты бірден құрлысшы компанияға аударған. Кейін белгілі болғандай, ол құрылысшы компанияның басшысы Әлпиевтің жақын досы болып шықты. Бүгінде құрылыс жұмыстарының шығынын толық біз өзіміз көтерудеміз. Қалған соманы сот арқылы аламыз. Шығын көлемі шамамен 2 миллиард теңгеге жуық" , - дейді Алтын Орда базарын қазір басқарып отырған "Big City Market" ЖШС-нің заңгері Өтеіул Ізбасар 

Еске сала кетейік, бұған дейін "Алтын Орда" сауда кешенін жалға алған экс директор Данияр Әлпиевтің басшылығындағы "Altyn Orda New Company" ЖШС үшінші павильонды салу үшін 300-ден астам үлескерден заңсыз қаражат жинаған. Қазір Данияр Әлпиев алаяқтық әрекеті үшін ұсталып, заңды түрде СИЗО-да отыр. Ол 2019 жылы 3 жыл 9 айға сотталған.