Бүгін Қызылордада Қала күні мен «Алтын күз-2024» дәстүрлі мерекесі аясында ұлттық ат спорты бәйгесі ұйымдастырылды. Дүбірлі бәйгені облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттары тамашалады.
Аймақ басшысы жарысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
"Берекесімен, молшылығымен келетін күз мезгілінде халқымыз егінін жинап, қамбасын толтырып, мәре-сәре болып, бір жасап қалады. Егінім бітік шықты деп, қуаныш тойын тойлап, ат шаптырып, бәйге береді. Ертеден жеткен осы дәстүрімізді біз де жалғастырып келеміз. Баршаңызды «Алтын дән-2024» ұлттық ат спорты бәйгесінен облыстық жарыстың ашылуымен құттықтаймын!
Қыркүйек айында Мемлекет басшысының бастамасымен өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 4 саңлағымыз бақ сынап, 2 алтын, 1 қола медаль жеңіп алды. Осылайша, Сыр спортының жылнамасын жаңартты, этноспорттың дамуына үлес қосты. Бүгінгі бәйге Сыр өңірінің мерейін асырып, ұлттық спорттың өркендеуіне мол мүмкіндік береді деп сенемін!
Төзім мен жігер, қайрат пен мінез сынға түскен бәйгеде тұлпарлардың тұяғы талмасын, арғымақтар аламанда арындасын! Шабандоздардың тақымы тастай болсын!", – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Жарысқа қатысушыларға ауыл шаруашылығы саласының ардагері Нұрлыбай Ұлықпанұлы ақ батасын берді.
Бәйге жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар тағайындалған.
Аламан бәйге, 25 шақырым:
Тоқ бәйге, 15 шақырым:
Құнан бәйге, 11 шақырым:
Тай жарыс, 5 шақырым:
Қызылорда облысының әкімдігі ұсынған материал
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!