Алматыдағы Медеу мұз айданында қар жауды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы мұз айдынының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарланды.
"Медеу мұз айдынында алғашқы қар жауып, алтын күз кеші ертегіге айналды", - делінген жазбада.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 14-16 қазанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасаған болатын.
Метеорологтар мәліметі бойынша, фронталь бөлімдер әсерінен таяудағы үш тәулікте солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, 16 қазанда Шығыс Қазақстан облысында нөсер жауын болады деп болжанған. Республиканың батысы мен оңтүстігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Қазақстан бойынша тұман мен жел күшейеді деп болжанған.
Республиканың басым бөлігінде күндіз термометр 10-20 градусқа дейін жылыса, түнде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде 1-3 градус аяз күтіледі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!