Атақты футболшы Криштиану Роналду YouTube желісіне тіркеліп бірден "алтын батырмаға" ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол YouTube-тің алтын батырмасын алған сәтін әлеуметтік желіге жариялады.
YouTube желісіне тіркелген алғашқы сағаттардың өзінде футболшының каналына 3 миллион жазылушы тіркелгенін хабарлаған едік. Кейін оның бір видеосы 12 миллион теңге табыс әкелгенін де хабарладық. Енді оның "алтын батырмаға" ие болуы және мұның бәрі бір тәуліктің ішінде орын алуы оның желідегі танымалдығын арттыра түсті.
Айта кетейік, футболшының Instagram желісінде 636 миллион оқырманы бар. Әзірге әлемде ешкімде мұндай көп оқырман жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!