«Алтын домбыраны» керекулік ақын Аспанбек Шұғатаев жеңіп алды

Алматыда Республика сарайында екі күн бойы өткен «Тәуелсіздікке тағзым» атты тақырыпта «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өз мәресіне жетті.

Кеше айтыстың бірінші турында 22 ақын 11 жұп болып айтысқан болатын. Бүгін ақтық сынға шыққан ақындар айтысының қорытындысы белгілі болды.

Әділқазылардың шешімімен бас жүлде павлодарлық ақын Аспанбек Шұғатаевқа бұйырды. Ол «Алтын домбыра» мен 3 миллион теңгені қанжығасына байлады. Сонымен бірге бұл ақын 150 мың теңге болатын ынталандыру сыйлығына да ие болды.

Бірінші орын қостанайлық азулы ақын Айбек Қалиевке бұйырды. Ол 2 миллион теңге алды. Екінші орын алған Иранғайып Күзембаев пен Мейірбек Сұлтанхан 1 миллион теңгені еншіледі. Үшінші орын үш ақынға бұйырды. Олар - Қалижан Білдәшев, Жансая Мусина мен Еркебұлан Қайназаров (500 мың теңге).

Дереккөз