Алты күн бұрын жоғалып кеткен павлодарлық жігіт өзін іздемеуді сұраған
Алты күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен жігіт әлі табылмай жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "VITA" еріктілер жасағына сілтеме жасап.
Еріктілердің сөзінше, 1995 жылы туған жігіт 13 наурызда рюкзак, ноутбугын алып, үйден шығып кеткен. Оны іздеу туралы өтінішті анасы айтқан. Азамат із-түзсіз кетерінен бір апта бұрын әлеуметтік желідегі парақшаларын өшіріп тастаған. Ал кетер алдында хат жазып, онда бәрімен қоштасып, кешірім сұрап, өмір сүре алмайтынын жеткізген.
Сонымен қатар, жоғалып кеткен жігіт оны іздемеуді сұрап, алысқа кететінін айтқан.
Содан бері павлодарлық жігітті ешкім көрмеген.
Азаматтың достары мен әріптестері не болғанын түсінбей дал болған.
29 жастағы павлодарлықтың туыстары Азаматты көрген адамдар 8 747 615 55 63 (Катерина) нөміріне хабарласуды сұрайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина