Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"13 мамырда Жезқазған, Балқаш, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Қарағанды, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады", - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел болмауы, тұман) жиынтығы.
Мамандардың пікірінше, мұндай жағдайлар көбіне жел болмауы, тұман және ауа инверсиясы кезінде туындайды. Соның салдарынан зиян қоспалар жиналып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.
Мұндай күндері тұрғындарға сыртта ұзақ жүрмеуге, әсіресе, көлік көп қатынайтын жерлерден аулақ болуға кеңес беріледі. Балалар, жүкті әйелдер және созылмалы сырқаты бар адамдар ерекше сақ болғаны жөн.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!