Ақтау тұрғынын тонаған ер адам Мәскеуде ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәскеуде Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен тонау жасап, халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы ер адам ұсталды.
2018 жылы қаскүнем Ақтау тұрғынына зорлық-зомбылық көрсетіп, оны тонап кеткен.
Ер адам қамауға алынды. Қазіргі уақытта Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе шешіліп жатыр.
Еске салайық, 18 қарашада Ресейден қазақстандық қылмыскер экстрадицияланған болатын.
Күдікті 2019-2020 жылдар аралығында кәсіпкерді алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы жалпы сомасы 53 миллион теңге мөлшерде арнайы техниканы, сондай-ақ алаяққа тиесілі емес көлікті 35 миллион теңгеге сатып, ірі көлемдегі қаражатты жымқырған.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған.
Осы жылдың шілде айында ол Санкт-Петербург қаласында ұсталды.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті Петропавл қалалық тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!