Қызылорданың Дәуітбаев көшесіндегі №62 үйде өрт орын алғаны туралы хабар 30 қыркүйекте келіп түсті. Өртті аулада ойнап жүрген 6 жасар бала байқаған.
Қайрат лаулап жанған отты көрген бойы үйге жүгіріп кеп, ата-анасын шақырды. Көршілес учаскедегі өртеніп жатқан қу ағаштың жалыны үй иесінің уақытша тұрағының шатырына көшті.
Үйдің жанынан жүргізілген газ трубасы бар екенін ескерсек, оның соңы неге апарып соғатыны белгілі еді.
Келіп жеткен өрт сөндірушілер тобы өртті 16 сағат 30 минут шамасында сөндірді. Тілісіз жауды ауыздықтауға 12 адам мен 3 техника қатыстырылды.
2009 жылы туылған, №198 орта мектептің бірінші сынып оқушысы Қайрат Кенжебековтің қырағылығының және өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында үй мен аула құрылыстары аман сақталып қалды.
Өрт оқиғасы салдарынан зардап шеккендер болған жоқ. Бүгінде өрттің шығу себептері анықталуда.
Дереккөз: Nur.kz