Алты елдің ғалымдары Алтын Орда мен Жошы ұлысының тарихын бірге зерттемек

Алты елдің ғалымдары Алтын Орда мен Жошы ұлысының тарихын бірге зерттемек
Фото: Видео кадры

Алматыда алты елдің ғалымдары дала өркениетін, соның ішінде Алтын Орда мен Жошы ұлысының тарихын бірлесе зерттейтін ғылыми консорциум құру туралы келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24KZ-ке сілтеме жасап. 

Келісім аясында Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Моңғолия мамандары бірлескен археологиялық экспедициялар жүргізеді, қолжазбалармен жұмыс істейді және ғылыми басылымдар дайындайды.

Осы тақырып бойынша барлық тарихи материалды цифрландыру және бірыңғай тізілімге жинақтау жоспарланған. Ынтымақтастық жоспары алдағы бес жылға есептелген.

"Қазір осы бірегей тарихи деректерді цифрлық форматта біріктіру өте маңызды. Осыған байланысты біз Қытай академиктерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Фудань университетінде әзірленген цифрлық модульді пайдаланғымыз келеді. Екінші нұсқа ретінде Гарвард университетін де қарастырып жатырмыз", - деді Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget