Түркістан облысы Балтакөл ауыл округінің жұртшылығы қасиетті Рамазан айында бір игі іске жұмылды. Ол - осы ауылда тұратын асыраушысынан айрылған көпбалалы анаға баспана тұрғызып беру. Осылайша, даңғарадай алты бөлменің іргесі қаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақкөл елдімекенінде көпбалалы отбасына арналған алты бөлмелі тұрғын үйдің іргетасы осы ауылдың азаматы Балтабай Тасболатұлының демеушілігімен қаланды.
Өңір жұрты осындай игілікті іске ұйытқы болып, Отырар ауданындағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетіп отырады. Мысалы, 2021 жылы "Туған жерге тағзым" акциясы аясында "№14 Емдеу орталығы" ЖШС-нің қызметкерлері Балтакөл ауылдық ауруханасында үш күн бойы қызмет көрсеткен болатын. Соның барысында 897 адам толық тексеруден өтті.
Бұдан бөлек, Ақкөл елдімекеніндегі аз камтылған отбасыға құны 12,5 миллион тұратын баспана салып берген еді.
Игі іс қасиетті Рамазан айының қасиетті жұмасында бастау алды. Ауыл азаматтары тұрғын үй толық салынып біткенше атсалысатынын айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!