Атырауда таксист мектеп оқушысына тиіспек болған. Бұл туралы 7-сынып оқушысы анасына айтып берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, бұл жайтқа таңғалған қыздың анасы бірден полицейлерге жүгінген. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметшісі Мейірім Ердәулеттің айтуынша, қалалық полиция қызметкерлері істі сотқа "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша жіберген.
Күдіктінің алты баласы бар, өзге біреудің көлігімен такси болып жүрген. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 7 жыл мен 12 жыл аралығына сотталуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!