- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алты баланың анасының...
Алты баланың анасының адам танымастай өзгерген видеосы Қазнетті тәнті етті
Желіде алты баланың анасының адам танымастай өзгерген видеосы тарады. Видео авторы сұлулық салондарының иесі Бота Әбдіраманова, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бота Әбдіраманова 37 жастағы Шынарды адам танымастай өзгерткен. Шынар алты баланың анасы, ешқашан жұмыс істемеген. Ол күйеуіне өзгергісі келетінін айтқан кезде күйеуі әзілдеп "бармайсың" деген екен.
"Осы кезде Шынардың енесі келіп "ол саған алты бала туып берді. Оны бір рет болсын салонға апаруың керек. Ол лайық болмағаны ма?" деген екен. Сол кезде Шынар көзіне жас алған. Осылайша күйеуі әйелі образын өзгертуін қолдаған", - дейді Бота Әбдіраманова.
@bota.abdiramanova #рекомендации ♬ оригинальный звук - шок
Осылайша Шынарға түрлі процедуралар жасалып, ол өзгеріп шыға келген.
"Шынар үйіне жеткеннен кейін маған хат жазды. Ол жаңа образы күйеуінің көңілінен шыққанын, енді оны ай сайын сұлулық салонына жіберіп тұруға дайын екенін айтқан", - дейді кәсіпкер.
Видео 2,5 миллион қаралым жинап, мыңнан аса пікір жазылған. Желі қолданушылары Шынардың өзгерісіне тәнті болған.
"Екі түрлі адам секілді"
"Сұп-сұлу келіншек болып шыға келді"
"Образ керемет шыққан"
"Бірден энергетикасы да өзгеріп шыға келді", - дейді Желі қолданушылары.
Еске салайық, бұған дейін алтыншы баласына екіқабат әйелдің адам танымастай өзгерісі туралы жазған болатынбыз. Блогер, сұлулық салонының иесі Жәмилә Серікқызы Instagram-парақшасында жобасындағы жаңа кейіпкерін таныстырды. Бұл - блогердің 8-кейіпкері. Кейіпкердің жасы 40-та, ол 5 баланың анасы, 6-сәбиге аяғы ауыр. Кейіпкердің үйі жоқ, ол 1 бөлмелі пәтер жалға алып тұрады.
видео кадры
Блогердің айтуынша, ол кейіпкерді мешіттің алдында қайыр сұрап тұрған жерінен тауып алған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина