- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Алты айдан кейін...
"Алты айдан кейін тексеремін". Тоқаев облыс әкімдері мен министрлікке ескерту жасады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық педагогтер съезінде ауыл мектептерін жылдамдығы интернетпен қамтуды тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ауыл мектептерін жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету – Цифрлық даму министрлігіне де, облыс әкімдеріне де жүктелетін жауапкершілік. Алты айдан кейін берілген тапсырманың орындалуын тексеремін.
Жалпы, білім беру жүйесін мүлде жаңа деңгейге шығару үшін ауқымды цифрлық трансформациялау жұмыстарын жүргізуіміз керек. Ең алдымен, 2027 жылға дейін интернет желісі әлі тартылмаған мектептердің бәрін жылдамдығы жоғары интернетке қосу қажет. Бұл ретте олардың әрқайсысында жергілікті желі орнатылуы керек", - деді Тоқаев.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында резонанс тудырған фотодан кейін шексіз интернет берілетіні хабарланған еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова