Жыл басынан бері жол апаттарының саны 4 пайызға, оның салдарынан қаза тапқандар саны 20 пайызға, жарақат алғандар саны 7 пайызға азайған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, мас күйінде көлік басқарған 12 мыңға жуық жүргізуші ұсталған, сот шешімімен 14 мыңнан аса жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылған.
Сонымен қатар, жолда жүру қағидаларын сақтамағаны үшін 245 мыңнан аса жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
"Бүгінде заманауи технологияларды кеңінен қолданып, профилактика тетіктерін жетілдіріп жатырмыз. Осындай кешенді тәсілдер кез келген қатерді ерте бастан анықтап, олардың ауыр заңбұзушылықтарға ұласуына жол бермейді" - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова