- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алты аяқты ерекше...
Алты аяқты ерекше қозы дүниеге келді
Германиядағы фермалардың бірінде ерекше алты аяқты қозы дүниеге келді,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі МИР 24 арнасына сілтеме жасап.
Қозының есімі Долли екен. Оған ағашында орнынан тұрып тамақ ішу қиынға соққан. Қозының жүруіне оңай болмуы үшін оның бір аяғы бинтпен таңылған. Дене кемістігіне байланысты қой төліне назар аудармай ма деген қорқыныш болған. Ветеринарлардығ тексергеннен кейін Доллидің денсаулығында басқа ақау жоқ екені белгілі болды. Мамандар қозының артық аяғымен не істеу керегін әлі шешпеген.
"Екі аяғын кесіп тастасақ дұрыс болар. Бірақ ол операциядан кейін де дами ала ма, жоқ па - белгісіз. Бірақ қалай болғанда да Доллидің қалыпты қой өмір сүрсе екен дейміз", - дейді фермер Бернхард Тинтер.
Мамандардың айтуынша, қозы жәндіктер тарататын Шмалленберг вирусы салдарынан алты аяқты болып туған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек