Алты адам қаза тапқан трагедия: Павлодар облысындағы төтенше жағдайға қатысты жаңа дерек шықты

Павлодар облысы Жоламан ауылындағы сүт фермасы аумағында төтенше жағдай салдарынан алты адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға түсті. Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы жағдай ірі сүт кәсіпорны аумағында болған. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, алты адам кәріз құдығындағы жөндеу жұмыстары кезінде қаза тапқан. Алайда бұл мәлімет әзірге ресми түрде расталған жоқ.

"Жоламан ауылындағы сүт фермасы аумағында алты адам қаза тапты. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр", - деді Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті өкілі.

Облыстық жедел жәрдем станциясы мәліметінше, шақырту 20 шілдеде сағат 12.01-де түскен.

Еске салайық, бұған дейін жедел жәрдем дәрігерлері 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған алты ер адам қаза тапқанын растады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз