- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алтай Көлгінов премьер-министрдің...
Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылды
Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Алтай Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Абай ауылында дүниеге келген.
2000-2001 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет еткен.
2001-2008 жылдары Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында қызмет атқарады.
2008-2010 жылдары - "Алаш Медиа Групп" ЖШС бас директорының орынбасары.
2010-2012 жылдары Президент Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2019-2022 Астана қаласының әкімі болды.
2022 жылғы 9 желтоқсанда Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы премьер-министірінің орынбасары болып тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек